ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Геннадий Головкин Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр

17.11.2025, 10:04

GGG Asia Boxing президенті Пичаи Чунхаваджирамен өткен кездесуде бір арманын ашық айтты

Геннадий Головкин Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр
әлеуметтік желі

43 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлі ресми түрде карьерасын аяқтаған жоқ. GGG Asia Boxing президенті Пичаи Чунхаваджирамен өткен кездесуде бір арманын ашық айтты – ол Қазақстанда соңғы жекпе-жегін өткізуді ойластырып жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы «Спорт шредингера» Telegram арнасы жазды.

Пичаи Чунхаваджира Головкиннің бұл ниетін қолдайтынын айтып, оған сәттілік тіледі. Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокc федерациясы (World Boxing) президенті қызметіне үміткер. Asia Boxing басшысы кездесуде Головкиннің жекпе-жектері мен жетістіктерін ерекше атап, оның спорттағы мұрасын жоғары бағалады.

Осылайша, GGG жанкүйерлерінің Қазақстанда өтетін тарихи бокс кешін көруге деген үміті қайта оянды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам