ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстан жайлы ауыр сөздер айтқан Екатерина Бивол жындыханаға түсті

17.11.2025, 10:44

Шағым авторы балаларды уақытша алып қоюды және анасына қатысты шара қолдануды сұрайды.

Қазақстан жайлы ауыр сөздер айтқан Екатерина Бивол жындыханаға түсті
әлеуметтік желі

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде жаңа видео жариялап, дәрігерлердің шақыруымен психиатриялық ауруханаға бара жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадамға өзіне қатысты үшінші тұлғалар – бұрынғы күйеуінің жанкүйерлері мен таныстары тарапынан түскен шағымдар себеп болған.

«Екі жылдан бері Қырғызстан мен Қазақстаннан шыққан Диманың фанаттары тарапынан қатты қысым көріп келемін. Бұрынғы күйеуім тарапынан да тоқтаусыз қысым бар», - деді ол видеода.

Бивол тексеру балаларымен қарым-қатынасына байланысты емес екенін атап өтті:

«Менің балаларым керемет. Күн сайын олардың жаттығуларына барамын. Маған жасалған көпжылдық агрессияға жауап берсем, кейбір адамдар соны пайдаланып, мені тексеруге жібереді», -деді ол.

Ол соңғы жылдары өзіне бағытталған қорқыту, жеке ақпаратты жинау және тарату, алимент пен опека мәселелеріне қатысты қысым күшейгенін айтты.

Әлеуметтік желілерде дәл осы тексеруге негіз болған шағымның фотосы да тарады. Құжат авторы Екатеринаның:

  • бұрынғы күйеуіне және оның жақындарына өлім тілейтінін,
  • мұндай сөздерді балалардың көзінше айтатынын,
  • өзіне және балаларға қауіп төндіретінін жазған.

Сондай-ақ шағымда:

«Апатия кезінде ол «балалармен бірге терезеден секіремін» деп қорқытқан. Мұндай сәттерде күн сайын 6-8 сағат телефонда отырамын, ол өзін өмірге лайық емеспін деп қайталай береді», - делінген.

Шағым авторы балаларды уақытша алып қоюды және анасына қатысты шара қолдануды сұрайды.

35 жастағы петерборлық Екатерина Бивол бұған дейін қазақ және қырғыз халқына қатысты балағат сөздер айтқан видеосы үшін қоғамның үлкен сынына қалды. Кейін оның аккаунты бұғатталды, бірақ ролик желіде кең тарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам