ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Тоқаевтың қабылдауында болған кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубының инвесторы атанды

18.11.2025, 15:39

Бұған дейін отандық футбол клубтарына жекеге берілетіні туралы айтылған еді.

Тоқаевтың қабылдауында болған кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубының инвесторы атанды
Ақорда

«Qazaq Stroy» құрылыс компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубына инвестор болғаны мәлім болды. 

Forbes Kazakhstan мәліметінше, әзірге команда құрамында өзгерістер, ойыншыларды сатып алу немесе сату, не футбол интернатын салу туралы нақты шешім жарияланбады. Барлық ұйымдастырушылық мәселелер мен инвестиция көлемі 2026 жылдың қаңтарында талқыланатын болады.

Бұған дейін отандық футбол клубтарына жекеге берілетіні туралы айтылған еді. Бұл ретте  TAU Group басшысы Иманғали Қозбақов қызылордалық «Қайсар» футбол клубына инвестор атанып, екі жыл ішінде 12 миллиард теңгеге жаңа академия салуға міндеттелді. 

Freedom Finance компаниясының құрылтайшысы Тимур Турлов Қарағандының «Шахтер» клубына стадион мен академия салатыны айтылды. Ал Михаил Ломтадзе «Жеңіс» футбол клубына инвестор атанып, ол Астанада әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құруды жоспарлап отыр. Бұл серіктестік жасөспірімдер футболын дамытуға және инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам