ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Еуропадағы шешуші айқас: Франция мен Португалия Әлем чемпионатына бір қадам жақын

13.11.2025, 14:39

Топта екінші орын алған командалар қосымша іріктеу матчтарын өткізеді

Еуропадағы шешуші айқас: Франция мен Португалия Әлем чемпионатына бір қадам жақын
Olimpbet Arena

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі бесінші турда Франция Украинамен, ал Португалия Ирландиямен кездеседі. Екі құрама үшін де бұл – топтағы көшбасшылықты бекітіп, мундиальға тікелей жолдамаға жақындай түсетін мүмкіндік.

Әлем чемпионаты 2026. D тобы. Франция – Украина
14 қараша, 00:45 (Астана уақыты)

D тобының бесінші турындағы орталық матч Парижде өтеді. Мұнда Франция мен Украина құрамалары кездеседі. Olimpbet сарапшылары алаң иелерін бұл ойынның айқын фавориті деп санайды – олардың жеңу ықтималдығы қонақтарға қарағанда шамамен 13 есе жоғары.

ТҰРНИРЛІК ЖАҒДАЙ

Қазір екі команда арасындағы айырма – үш ұпай, Франция алда келеді. «Үш жолақ» құраманың өткен турда Исландиямен 2:2 есебімен тең ойнауы оларға мундиаль жолдамасын мерзімінен бұрын рәсімдеуге мүмкіндік бермеді. Алайда осы матчта Украинадан басым түссе, Дидье Дешам командасы ӘЧ-2026-ға тікелей жолдаманы ресми түрде иеленеді.

Ал Украинаға ұтылуға болмайды. «Парк де Пренс» аренасындағы жеңіліс Сергей Ребров шәкірттерінің топты жеңу мүмкіндігін толық жойып қана қоймай, плей-оффқа жол беретін екінші орыннан да айырып қалуы мүмкін.

СТАТИСТИКА

Франция – топтағы ең мықты айырмаға ие команда: +6 (9:3). Дегенмен қызық жайт – топтағы ең көп гол соққан команда Франция емес, 11 голы бар Исландия.

Украина Франциядан аз гол соққан (8) және көбірек гол жіберген (7). Сондай-ақ «үш түстілер» орта есеппен Украинадан айтарлықтай басым:

  • дәл бағытталған соққы: 7,75 – 4,75
  • бұрыштама: 6,5 – 5,5
  • допқа иелік ету: 65,75% – 54,5%

ЖЕКЕ КЕЗДЕСУЛЕР ТАРИХЫ

Екі құраманың өзара ойын тарихы да Францияның айқын басымдығын көрсетеді: 13 матчтың 7-еуінде Франция жеңген, Украина тек бір рет басым түскен, тағы 5 ойын тең аяқталған.

Ағымдағы іріктеу цикліндегі алғашқы ойында да Дешам шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Айтулы жайт: Франция – Украина арасындағы алғашқы ресми матч 1999 жылы 27 наурызда өткен, сол ойында Дидье Дешам Франция құрамасының капитаны болған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Olimpbet мамандары Франция бірнеше гол соғады деп болжайды. Олардың пікірінше, матч «тоталы жоғары» сипатта өтеді.

F тобы. Ирландия – Португалия
14 қараша, 00:45

F тобында бар назар Ирландия – Португалия кездесуіне ауады. Матч Дублинде өтеді. Сарапшылар Роналду бастаған Португалияны айқын фаворит деп отыр, тіпті сырт алаңда ойнайтынына қарамастан.

ТУРНИРЛІК ЖАҒДАЙ

Франция секілді Португалия да өткен турда-ақ ӘЧ-2026 жолдамасын қамтамасыз ете алатын еді. Бірақ «еуропалық бразилиялықтар» Венгриямен 2:2 ойнап, мәселе бесінші турға қалды.

Енді жолдаманы ресми түрде рәсімдеу үшін оларға Ирландияны сырт алаңда жеңу қажет. «Жасыл армия» топта үшінші орында, Португалиядан 6 ұпайға қалып келеді.

Математикалық тұрғыда Ирландия тіпті топты бірінші орынмен аяқтай алады, бірақ іс жүзінде олар үшін Венгриямен екінші орынға таласу анағұрлым шынайы мақсат. Сол себепті бұл матчта ұпай жоғалтуға мүлдем болмайды.

СТАТИСТИКА

Португалия топтағы үздік көрсеткішке ие:

  • соққан голдары – 11
  • жібергені – 4
  • айырмасы – +7

Ирландияның көрсеткіштері әлдеқайда төмен:

  • соққан – 4
  • жіберген – 5
  • айырмасы – -1

Португалия тек бір рет сүрінді (Венгриямен тең). Ал Ирландия бұл іріктеуде екі рет жеңілді, оның бірі – соңғы орында тұрған Армениядан.

ЖЕКЕ КЕЗДЕСУЛЕР ТАРИХЫ

Қарсыластар 17 матч өткізген:

  • Португалия – 10 жеңіс
  • Ирландия – 4
  • 3 ойын – тең

Алайда сырт алаңдағы статистика мүлдем басқа:

  • Ирландияда өткен ресми кездесулерде Португалия ешқашан жеңіске жетпеген
  • 1 рет Ирландия ұтқан
  • 2 матч тең аяқталған

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жолы Olimpbet сарапшылары Роберто Мартинес командасының жеңісіне күмән келтірмейді. Олардың пікірінше, Португалияның үш доп айырмасымен жеңу ықтималдығы, Ирландияның тең ойын ұстап қалу мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам