Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы элиталық кезеңге жолдама алды

19.11.2025, 09:49

Енді Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы элиталық кезеңге жолдама алды
ҚФФ

Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде тарихи нәтижеге қол жеткізді. Кирилл Кекер жаттықтыратын команда Кипрмен өткен үшінші матчта тең түсіп (1:1), элиталық раундқа жолдама алды.

Кездесу қызу басталды. Ойынның 4-минутында Мансұр Бірқұрманов қарсылас қақпасын дәл көздеп, Қазақстанды алға шығарды. Алайда екінші таймда кипрліктер таразы басын теңестірді, 59-минутта Георгиос Циорцис мергендік танытты – 1:1.

Тең нәтиже ұлттық құраманың турнир кестесінде «B» дивизионының 1-тобында екінші орын алуына мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш Қазақстан U-19 командасына 2026 жылдың көктемінде өтетін элиталық кезеңге жол ашты.

Бұл – Қазақстан U-19 құрамасы үшін тарихи нәтиже. Бұған дейін бірде-бір жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының элиталық раундына шыға алмаған.

Матч нәтижесі:
Қазақстан U-19 – Кипр U-19 – 1:1 (1:0)
Голдар: Бірқұрманов, 4 (1:0); Циорцис, 59 (1:1)
Қазақстандық жас футболшылар енді Еуропа чемпионатының финалдық бөлігіне шығу үшін таласады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам