ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Forbes тізіміндегі қазақстандық олигарх футбол клубын сатып алудан бас тартты

19.11.2025, 12:54

Өткен маусымды сәтсіз аяқтаған «Атырау» жаңа жеке инвестор табуы мүмкін деген ақпарат жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырған еді

Forbes тізіміндегі қазақстандық олигарх футбол клубын сатып алудан бас тартты
Фото: nss.kz

Қазақстандық миллиардер, Forbes тізіміне енген бизнесмен Ибрагим Ақдрашев «Атырау» футбол клубын жеке меншікке сатып алу мүмкіндігін қарастырғанымен, мәміледен бас тартты.

Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, бизнесмен клубтың құрылымы мен қаржылық жағдайына толық талдау жасаған соң, сатып алу идеясынан түбегейлі бас тартқан.

Өткен маусымды сәтсіз аяқтаған «Атырау» жаңа жеке инвестор табуы мүмкін деген ақпарат жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырған еді. Алайда Ақдрашевтің шешімінен кейін клубтың тағдыры әзірге белгісіз күйінде қалды.

2025 жылдың қарашасында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория елдегі кәсіпқой футбол клубтарын жекешелендіру процесінің жүрісі туралы мәлімет берген болатын. Оның айтуынша, бірнеше клуб жеке қолдарға өткен немесе өтуге жақын:

  • «Қайсар» – 2025 жылдың 30 қазанында толық жекешелендірілді. Жаңа иесі: TAU Group LTD басшысы Исламғали Қозбақов. Инвестиция көлемі – 12 млрд теңге.
  • «Қызыл-Жар СК» – меншік құқығын беру 2025 жылдың 15 қарашасына дейін аяқталуы тиіс. Инвестор жыл сайын 1 млрд теңгеден кем емес қаржы салуға міндеттелген.
  • «Жеңіс» – инвестор Михаил Ломтадзе клубтың үлесін алуда. Инвестиция көлемі — 16 млрд теңге, ақша футбол академиясын дамытуға бағытталады.
  • «Шахтёр» –  мүлік бағалауы аяқталған. Қараша айында қоғамдық тыңдау өтеді, содан кейін аукцион арқылы сатылады. Күтiлетiн инвестиция — 18 млрд теңге.

Жалпы алғанда, қазақстандық футболға тартылған инвестиция көлемі 45 млрд теңгеден асты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам