Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Алтын доп» пен азаматтықтан айыру керек – Франция депутаты Кәрім Бенземаны қуғындауды ұсынды

19.10.2023, 13:35

Футболшы Израильге қарсы жазба қалдырған

«Алтын доп» пен азаматтықтан айыру керек – Франция депутаты Кәрім Бенземаны қуғындауды ұсынды
Фото ашық дереккөзден

Кәрім Бензема Палестинаны қолдап жазба жариялағаны үшін «Алтын доптан» айырылуы мүмкін. Сонымен бірге, елдің сенаторы оны Франция азаматтығынан айыруды ұсынды.

«Әл-Иттихад» клубының 36 жастағы шабуылшысы фрациялық Кәрім Бензема таяуда әлеуметтік желіде «Біз Газа тұрғындары үшін дұғадамыз. Кезекті рет қорғансыз әйелдер мен балалар бомбалаудың астында қалды», - деп жазған болатын.

Осыдан кейін Кәрім Бенземаны сынға алушылардың қатары көбейе түскен. 

«Егер Кәрім Бензема «Мұсылман бауырлар» қоғамымен байланысы бар болса, санкция салуды талап етемін, бірінші кезекте оны «Алтын доптан» айыру керек, осыдан кейін оны ел азаматы болуы құқығынан шеттету қажет. Біз екі елдің азаматы саналатын ол біздің елдің абыройын төгумен қатар, алда сатқындық жасауы да мүмкін», - деп үн қатты Франция Сенатының депутаты Валери Буайе.

Оның алдында елдің ішкі істер министрі Жеральд Дарманен футболшыны лаңкестік топпен байланысы бар деп айыптаған. «Біз Кәрім Бенземаның «Мұсылман бауырлармен» тығыз байланысы барын білеміз» деген болатын. 

Әзірге Франция жұлдызды футболшыға қатысты қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Бензема болса алда тек Алжир мемлекетінің төлқұжатымен ғана қалуы әбден мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам