Оған тағы бір мүмкіндік беріліп отыр
Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңдерінің 8-турында Қазақстанға қарсы ойында жеңіліс тапқан Финляндия құрамасының бас бапкері Маркку Канерва қызметінде қалатын болды.
Күтпеген жеңілістен кейін бас бапкердің отставкасын талап еткен жанкүйерлер көбейген. Бірақ, әзірге бұл талап орындалмайтын болыпты.
Елдің футбол қауымдастығының басшылығы Ари Лахти білікті маманға маусым соңына дейін мүмкіндік беруді жөн деп тапқан.
Артылған сенімді ақтау үшін Канерва алда Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңі арқылы құраманы Еуропа бәсекесіне алып шығуға міндетті. Егер жағдай басқаша болса қауымдастық бапкермен жұмысты аяқтайды.