Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Сәтпаев пен Анарбеков испан скауттарының назарын аудартты

27.11.2025, 02:35

AS порталы 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың голына бөлек тоқталды

Сәтпаев пен Анарбеков испан скауттарының назарын аудартты
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Испанияның беделді Dario AS порталы UEFA Чемпиондар лигасының 5-туры аясындағы «Копенгаген» – «Қайрат» (3:2) матчы туралы арнайы талдау жариялады.

Испан басылымы ойынның басында-ақ алматылық команданың жас шабуылы Дастан Сәтпаевтың белсенділігімен назар аудартқанын жазды:

«Дания астанасында ойын жаман басталған жоқ. Сәтпаев алғашқы минуттардан-ақ шабуылда қауіптілік тудыруға қабілетті ойыншы екенін көрсетті. Жас талант өте белсенді болды, бірақ нақты голдық мүмкіндіктер болмады».

AS шолуында «Копенгагеннің» алғашқы соққыларының бірінен кейін Дадассонның кері серпілген соққыдан кейін есеп ашқанын жазған.

Материалда екінші таймда «Қайраттың» ойыны жанданып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғаны атап өтіледі. Әсіресе Тапаловтың алыстан жасаған соққысы бағанадан кері қайтқан сәт ерекше атап өтілген.

«Бұл шабуылға «Копенгаген» Сузукидің жылдам және техникалық түрлік көрсеткен қарсы шабуылымен жауап қатты. Бұл эпизодта қақпашы Анарбеков максимумын көрсетті».

Ларссон өзіне тиесілі пенальтиді дәл соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші гол да Қасболат қатысқан эпизодтан кейін тіркелгенін атап өтеді басылым.

AS порталы 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың голына бөлек тоқталды:

«3:0 есеп шешуші болып көрінген... бірақ олай болмады. Қақпашы Котарски қателік жіберіп, Сәтпаев допты иеленіп, бос қақпаға дәл соқты. Бұл «Қайратқа» сенім берді».

Одан кейін Бәйбек есепті 2:3-ке жеткізгені атап өтіліп, алматылықтардың соңғы минуттарға дейін камбэк жасауға жақын болғаны айтылды.

«Бұл матч Қазақстанда ұзақ есте қалады», – деп қорытындылады испан басылымы.

Ойын статистикасы

  • «Копенгаген» – «Қайрат»: 3:2
  • Анарбеков – 6 сейв, матчтағы үздіктердің бірі
  • Сәтпаев – Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын соқты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам