Матч өткен күні футболшының туғанына 17 жас 110 күн болды
Алматының «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан футболшылардың үздік үштігіне енді.
Бүгін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі бесінші турда «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгаген» клубымен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алайда матчтың 81-минутында Дастан Сәтпаев соққан гол қазақстандық футбол тарихында ерекше оқиға ретінде тіркелді.
Матч өткен күні футболшының туғанына 17 жас 110 күн болды. Осылайша ол Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас үш ойыншының қатарына кірді.
Бұған дейін бұл тізімнің үшінші сатысында бельгиялық «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена тұрған еді (17 жас 119 күн). Дастан Сәтпаев оның көрсеткішін жаңартып, үздік үштікке енді.
Сәтпаев – UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшысы ретінде тарихта қалды.