Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Отандық танымал футболшы лауазымды қызметке тағайындалды

10.01.2026, 15:25

Ол еліміздің бірқатар клубында ойнаған.

Отандық танымал футболшы лауазымды қызметке тағайындалды
instagram.com/fca_ontustik

Қазақстан футболының белді өкілі Азат Нұрғалиев «Оңтүстік» академиясының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

39 жастағы маманның есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Азат Нұрғалиев ел біріншілігінде «Ордабасы», «Тобыл», «Астана» және «Тұран» клубтарының намысын қорғады. Көпшілік оны Премьер-лигадағы ең тұрақты әрі тәжірибелі ойыншылардың бірі деп біледі.

Футболшы ретінде мансабын аяқтаған соң Нұрғалиев бапкерлік бағытқа бет бұрды. Өткен маусымда ол «Қызылжар» футбол клубының жаттықтырушылар штабының құрамында жұмыс істеді.

Енді «Оңтүстік» академиясының спорт директоры ретінде ол клубтың дамуына, ұзақмерзімді спорттық стратегияны қалыптастыруға және жас футболшыларды даярлау ісіне жауапты болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам