ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Тайландта селфи жасамақ болған Франция футболшысы қайтыс болды

Футболшының сарқырамада аяғы тайып кеткен

Mirror
Mirror

Француз футболшысы Алексис Вергос Тайландта селфи жасағалы жатқан сәтінде қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Mirror басылымы жазды.

Қайғылы оқиға Тайландтағы Самуи аралындағы Намуанг-2 сарқырамасының маңында болған. Ақпаратқа сәйкес, Вергос сарқыраманы суретке түсіріп тұрған сәтте аяғы тайып кетіп, бірнеше метр биіктіктен суға құлаған. Оқыс оқиға кезінде ол басын тасқа соғып алған.

Алғашқы сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, футболшы бас сүйегінен алған жарақат салдарынан көз жұмғаны белгілі болды. Алексис Вергос небәрі 22 жаста болған.

Басылымының мәліметінше, құтқарушылар футболшының денесін судан шығарып, сарқыраманың етегіне жеткізген. Оқиға кезінде Вергостың қалыңдығы Романа да құлап кете жаздаған. Алайда ағаш бұтағынан ұстап үлгеріп, жазатайым оқиғадан аман қалған.

Алексис Вергос осыған дейін Францияның Бретань лигасында өнер көрсететін «Кемпер Эрге-Армель» клубының намысын қорғаған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам