Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады

20.01.2026, 11:35

Аталған кездесу 72 минутқа дейін жалғасып, нәтитижесінде жеңіс 6:4, 6:3 есебімен Рыбакинаның еншісіне жазылды.  

Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады
Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Теннистен әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастап, жеңіске жетті. 

Қазақстандық корт шебері бірінші айналымда Рыбакина словениялық Кайя Юванды (WTA №100) екі сетте жеңді. Аталған кездесу 72 минутқа дейін жалғасып, нәтитижесінде жеңіс 6:4, 6:3 есебімен Рыбакинаның еншісіне жазылды.  

Australian Open турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Варвара Грачеваға (WTA №77) қарсы ойнамақ. Қазіргі таңда Франция атынан өнер көрсететін Грачева алғашқы айналымда швейцариялық Виктория Голубичті (WTA №83) 6:1, 2:6, 6:1 есебімен жеңген болатын. 

Айта кететін жайт, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің басты фавориттерінің бірі саналады. Одан бөлек аталған сында қазақстандық 4 теннисшісі өнер көрсетеді

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам