Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Көмегім қажет болса, ойлануға дайынмын». Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралу туралы айтты

28.02.2026, 20:11

Әзірге ешкім хабарласып, сөйлескен жоқ

«Көмегім қажет болса, ойлануға дайынмын». Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралу туралы айтты
Фото: kffleague.kz

Қостанайдың «Тобыл» клубының капитаны Асхат Тағыберген Qazsport телеарнасына Алматының «Қайрат» командасымен өткен Қазақстан Суперкубогы матчы туралы пікір білдірді (негізгі уақыт – 2:2, пенальтиде – 5:4).

– Асхат, жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ойыннан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?

– Эмоция жоқ. Қостанай облысын және жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын. Қалай айтсам екен... бұл менің төртінші Суперкубогым. Соның үшеуін Қостанайдың «Тобылымен» жеңіп алдым, өте қуаныштымын. Барлық қостанайлықтарды және Қостанай қаласының тұрғындарын осы Суперкубокпен шын жүректен құттықтаймын.

– Иә, шешуші голды өзіңіз соқтыңыз. Соңғы минуттарда... Сол сәтте ойыңызға не келді? Қандай сезімде болдыңыз?

– «Асхат, бұл сенің сәтің, гол соғу керек» деп ойладым. Құдайға дұға жасап, допты тептім. Жолым болып, доп қақпаға кіріп кетті.

– Жанкүйерлерді толғандыратын соңғы сұрақ: «Асхат ұлттық құрамаға орала ма?» Бұл сұрақ сізге баспасөз мәслихатында да қойылды.

– Иә, қойылды. Әзірге ешкім хабарласып, сөйлескен жоқ. Қайта айтамын: егер менің көмегім қажет болса – ойлануға болады, әлі мүмкіндік бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам