Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Тобыл» клубының жаңа бас құрылтайшысы анықталды

05.03.2026, 10:45

Бұл қадам клубтың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

«Тобыл» клубының жаңа бас құрылтайшысы анықталды
instagram.com/fctobol

Елімізде футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жалғасуда.

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының жаңа бас құрылтайшысы болып ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов тағайындалады.

Клуб дерегінше, бұл шешім клубтың басқару жүйесі мен қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар кәсіби спорттағы заманауи корпоративтік басқару қағидаларын енгізуге мүмкіндік береді.

«Ірі индустриялық серіктестің тартылуы қостанайлық клуб үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, клуб инфрақұрылымын дамытуға, спорттық құрамды күшейтуге және ішкі чемпионат пен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдай жасалмақ», - деп нақтылады ұжымның баспасөз қызметі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам