Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

АҚШ тарапы Иранды әлем чемпионатында күтетінін мәлімдеді

05.03.2026, 12:44

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына әскери соққы жасаған

АҚШ тарапы Иранды әлем чемпионатында күтетінін мәлімдеді
Getty sport

АҚШ футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатына Иран құрамасының қатысуын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Sky News арнасына берген сұхбатында US Soccer ұйымының бас директоры Джей Ти Бэтсон айтты.

«FIFA президенті Джанни Инфантино демалыс күндері барлық құрамалардың қатысуымен қауіпсіз әрі сенімді әлем чемпионатын өткізу ниеті бар екенін жеткізді. Біз мұны толықтай қолдаймыз», - деді Бэтсон.

Одан «плей-офф кезеңінде Иран құрамасымен кездесуі мүмкін бе?» деген сұраққа Джей Ти Бэтсон:

«Біз әлем чемпионаттарында Иранмен бірнеше рет ойнадық. Қарсылас қай команда болса да, біздің мақсат – жеңіс. Біз соған дайынбыз», – деп жауап берді.

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иран аумағына әскери соққы жасап, операция бастағаны хабарланды. Бұған жауап ретінде Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға ауқымды соққылар жасады.

Сонымен қатар, Испанияның Marca басылымы Иран тарапы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазды.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы G тобында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия командаларымен бірге өнер көрсетуі тиіс екені бұған дейін мәлім болған. Топтық кезеңдегі ойындарын Лос-Анджелес пен Сиэтл қалаларында өткізу жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам