Футболшы 2020 жылы Грекияда болған төбелеске кінәлі деп танылды
«Манчестер Юнайтед» клубының қорғаушысы Гарри Магуайрға алты жыл бұрынғы оқиғаға байланысты сот 15 ай шартты жаза кесті.
Sky Sports басылымының жазуынша, футболшы 2020 жылы Грекияның Миконос аралында болған төбелес ісі бойынша кінәлі деп танылған. Грек соты Магуайрды дене жарақатын келтіргені, қамауға алу кезінде қарсылық көрсеткені және пара беруге әрекеттенгені үшін айыпты деп шешіп, 15 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соған қарамастан футболшы бұл үкімге апелляция бермек.
Магуайр 2020 жылдың тамыз айында Миконос аралындағы барлардың бірінде болған төбелестен кейін ұсталған. Сол кезде ол құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасап, пара беруге әрекеттенді деген айып тағылған. Кейін футболшы үкімге шағым түсіргеннен кейін іс қайта қаралған болатын.
32 жастағы Магуайр қазір де «Манчестер Юнайтед» құрамында ойнап жүр. Осы маусымда ол клуб сапында 17 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Ағылшын клубымен бірге ол елдің Суперкубогын және Англия лигасы кубогына қол жеткізген.