Ақыры ажырасуымызға себеп болды
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты резонанс тудырған жазба жариялады.
Ол өз жазбасында некеде тұрған жылдары көрген қиындықтарын айтып, әсіресе бұрынғы күйеуінің анасы тарапынан қысым болғанын мәлімдеді. Айтуынша, 10 жылдық өмірінің жартысынан көбі жанжал мен өсек-аяңда өткен.
«Жау алыстан келмейді деген бекер айтылмаған. Қазақ болғаным үшін мені кемсітіп, өсектеп, жамандады. «Қазақтар мал» деп айтуға дейін барды. Ақыры ажырасуымызға себеп болды», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол бұрынғы күйеуінің табысы мен балалардың несібесіне қатысты да пікір білдіріп, бұл мәселеде де келіспеушіліктер болғанын жеткізді. Соңында өзінің ұлтына қатысты мақтаныш сезімін білдіріп, «қазақ екеніме мың шүкір» деп түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді.
Сонымен қатар, 27 наурыз күні Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жол-көлік оқиғасына байланысты іс қаралды. Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасына кесілді. Алайда жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.
Сот шешімінде айыпталушының кәмелетке толмаған төрт баласы бар екені ескерілген. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып жатыр.