Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қайпановпен қатар әлем чемпионатында топ жарған Грузия балуаны допингпен ұсталды

25.03.2026, 13:02

Ол чемпиондық атағынан айырылды. 

Қайпановпен қатар әлем чемпионатында топ жарған Грузия балуаны допингпен ұсталды
worldsport.ge

Грузияның әлем чемпионы атанған балуаны араға екі жылға жуық уақыттан кейін алтын жүлдесінен айырылды. Күрес түрлерінен 2024 жылы Будапеште олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен дүниежүзілік біріншілікте 79 келіде топ жарған Автандил Кенчадзе допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін айыпталып отыр.

Енді оның жүлдесі сол сында күміс медаль иеленген ресейлік Магомед Магомаевқа табысталады. Осыдан кейін үшінші орын алған парсы балуаны Мохаммад Ашгар Ноходипаримиге күміс жүлде табысталса, қола медаль словакиялық Ахсарбек Гулаев пен жапониялық Кота Такахасидің еншісіне тиіп отыр.

Автандил Кенчадзе 74 келіде 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, Еуропа ойындарында және Еуропа біріншілігінде 4 рет қола жүлдегер атанды.

Айта кететін жайт, аталған біріншілікті Грузия, Жапония, Қазақстан, Ресей құрамалары 1 алтыннан иеленген болатын. Аталған сында жапон балуаны Масаноскэ Оно 63 келіде, қазақстандық Нұрқожа Қайпанов 70 келіде топ жарса, Абдулрашид Садулаев 92 келіде үздік атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам