Конференциялар лигасында екінші іріктеу кезеңінен «Тобыл» додаға қосылады
Қазақстандық «Астана» мен «Елімай» Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмай, еурокубоктағы жорықтарын аяқтады.
«Астана» екі матчтың қорытындысы бойынша Албанияның «Динамо Сити» клубына 2:4 есебімен жол берді.
Өз кезегінде «Елімай» Арменияның «Алашкерт» клубына пенальти сериясында есе жіберді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды.
Еурокубокпен қош айтысқанына қарамастан, қазақстандық еку клуб та қаржылай сыйақыға ие болды. «Астана» мен «Елімайдың» әрқайсысы УЕФА-дан 325 мың еуро алды. Оның ішінде 175 мың еуро – бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін, ал 150 мың еуро – осы кезеңнен шығып қалғаны үшін берілген өтемақы.
Осылайша, Конференциялар лигасында Қазақстан намысын енді тек екінші іріктеу кезеңінен додаға қосылатын «Тобыл» қорғайды.