Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

ФИФА әлем чемпионатына қатысқан 16 футболшы үшін «Барселонаға» ақша төлейді

Бүгін, 14:00

16 футболшы «Барселонаға» 2,8 миллион еуро табыс әкелді

ФИФА әлем чемпионатына қатысқан 16 футболшы үшін «Барселонаға» ақша төлейді
Getty images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатына ойыншыларын жібергені үшін Испанияның «Барселона» клубына 2,8 миллион еуро көлемінде өтемақы төлейді.

AS басылымының мәліметінше, каталониялық клубтан әлем чемпионатына 16 футболшы қатысқан. Соған қарамастан, бұл көрсеткіш 2022 жылғы Катардағы мундиальдан кейінгі төлемнен төмен болды. Ол кезде «Барселона» ФИФА-дан 4,4 миллион еуро алған еді.

ФИФА ережесіне сәйкес, іріктеу кезеңінде матчқа өтінімге енген әрбір футболшы үшін клубтарға 2063 еуро көлемінде өтемақы төленеді. Бұл ретте ойыншының алаңға шығуы міндетті емес.

Ал әлем чемпионатының финалдық кезеңінде төлем көлемі артады. Ұлттық құрама сапындағы әрбір футболшы үшін клубтарға күніне 4330 еуродан есептеледі. Өтемақы ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындары басталған күннен бастап, команда турнирдегі соңғы матчын өткізгеннен кейінгі күнге дейін төленеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам