Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Әйгілі рэпер Дрейк Аргентинаның жеңісіне $1,5 млн тігіп, тағы да жеңіліп қалды

20.07.2026, 13:47

Ол 2022 жылдың финалында да Аргентинаның жеңісіне (негізгі уақытта) 1 млн доллар тігіп ұтылған еді

Әйгілі рэпер Дрейк Аргентинаның жеңісіне $1,5 млн тігіп, тағы да жеңіліп қалды
Getty Images

Канадалық даңқты рэпер Дрейк Әлем чемпионатының финалына бәс тігіп, жеңіліп қалды. Ол Аргентинаның жеңісіне сенімді болып, букмекерлік кеңсе арқылы 1,5 млн долларын бәске қойған. Нәтижесінде Испания әлем чемпионы атанып кетті.

Букмекерлер Аргентинаның жеңісіне 3,45 коэффицент берген екен. Егер Дрейк жеңген кезде 5 млн долларға ие болатын еді.

Жалпы, канадалық рэпердің бұл алғашқы жеңілісі емес. Ол ірі сомаларды бәске тігіп, жиі жеңілумен есте қалған. Мәселен, ол 2022 жылдың финалында да Аргентинаның жеңісіне (негізгі уақытта) 1 млн доллар тігіп ұтылған еді. Ол чемпионатта Мессидің командасы чемпион болғанымен, негізгі уақыт тең аяқталған еді.

Бұдан бөлек, Дрейк Супербоулда «Нью-Ингленд Пэтриотс» командасының, UFC-дже Конор Макгрегордың, US Open турнирінде Янник Синнердің жеңісіне ақша тігіп жеңілген.

Осы оқиғалардан кейін интернет қолданушылары «Дрейктің қарғысы» деген термин ойлап тапты. Яғни, рэпер кімге бәс тігеді, сол жеңіледі деп әзілдейді олар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам