Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Тоқаев Испанияны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

20.07.2026, 18:30

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Испанияны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
David Ramos / Getty Images

Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.

– Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

 

t.me/aqorda_resmi

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам