Журналист Мессиге қатысты күтпеген ақпаратты жариялады
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін.
Бұл туралы аргентиналық журналист Эрнан Кастильо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның мәліметінше, сенімді дереккөз Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында киім ауыстыратын бөлмеде әсерлі сөз сөйлеп, бұл матчтың ұлттық құрама сапындағы соңғы кездесуі болатынын айтқанын жеткізген.
Айта кетейік, финалда Аргентина қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, 2022 жылы Катарда жеңіп алған әлем чемпионы атағын қорғай алмады.
39 жастағы Месси финалды толық өткізді, турнир барысында бірнеше рекорд орнатып, әлем чемпионатының екінші үздік ойыншысына берілетін «Күміс доп» жүлдесін иеленді. Сондай-ақ жанкүйерлермен қоштасу сәтінде көз жасына ерік бергені көпшіліктің назарын аударды.
Алайда әзірге Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан журналист таратқан ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған.