ФИФА футболшыға көрсетілген қызыл қағаздың күшін жойған
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында қызыл қағаз алған Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредеске қатысты шешімін өзгертті.
BBC Sport мәліметінше, ұйым футболшыға көрсетілген қызыл қағаздың күшін жойған.
Еске салайық, Испания мен Аргентина арасындағы финалдық кездесуден кейін алаңда жаппай жанжал шыққан болатын. Оқиға аргентиналық қорғаушы Науэль Молинаның Испания капитаны Родриді кеудеден итеруінен басталып, артынша екі команданың бірнеше ойыншысы қақтығысқа араласты.
Сол сәтте Леандро Паредес Испания қорғаушысы Эрик Гарсияны мойнынан ұстап, кейін Гавимен де сөзге келген. Осы әрекеті үшін аргентиналық жартылай қорғаушы қызыл қағаз алған еді.
Алайда кейін ФИФА эпизодты қайта қарап, Паредеске көрсетілген қызыл қағаздың күшін жою туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, 20 шілдеде мәресіне жетті.