ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Сауд Арабия клубтарынан бас тартқан Дембеле таңдауын жасады

01.09.2026, 12:41

Усман Дембеле ПСЖ-мен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартпақ

 

Сауд Арабия клубтарынан бас тартқан Дембеле таңдауын жасады
Justin Setterfield / Getty Images

Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле «Пари Сен-Жермен» клубымен жаңа келісімшартқа қатысты алдын ала мәмілеге келді.

29 жастағы футболшының қазіргі келісімі 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Жаңа шарт алдағы апталарда рәсімделіп, оның мерзімі 2030 жылға дейін ұзартылмақ. Әзірге клуб бұл ақпаратты ресми жариялаған жоқ.

Дембелеге Сауд Арабиясының бірнеше клубы қызығушылық танытқан. Алайда француз футболшысы Парижде қалып, ПСЖ сапындағы мансабын жалғастыруды таңдады.

Шабуылшы командаға 2023 жылдың тамызында ауысқан. Содан бері 138 матч өткізіп, 61 гол соқты және 43 нәтижелі пас берді. ПСЖ-мен бірге 13 жүлде жеңіп алып, екі рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

2025 жылы Усман Дембеле әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын допты» иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам