ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан құрамасының қорғаушысы екі айдан кейін алаңға оралды

01.09.2026, 18:13

Футболшы 21 маусымда «Ақтөбеге» қарсы өткен кездесуде жарақат алған

Қазақстан құрамасының қорғаушысы екі айдан кейін алаңға оралды
ФК "Астана"

«Астана» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым жарақатынан толық айығып, елордалық клубтың сапына қайта қосылды.

«Алаңға қайта оралуыңмен, Әлібек Қасым! Сені сағындық», – деп жазды «Астананың» баспасөз қызметі.

Футболшы 21 маусымда «Ақтөбеге» қарсы өткен кездесуде жарақат алған еді. Ол ойынның 35-минутында бұлшықетін зақымдап, матчты жалғастыра алмады. Осы жарақатына байланысты Қасым екі айдан астам уақыт алаңға шықпай, «Астана» мен Қазақстан құрамасының бірнеше маңызды ойынын өткізіп алды.

Бұған дейін қорғаушыға махачкалалық «Динамоның» қызығушылық танытқаны хабарланған. Алайда Қасым ресейлік клубтың ұсынысынан бас тартып, «Астанада» қалуды таңдады.

Негізгі қорғаушының қайта оралуы маусымның шешуші кезеңінде елордалық команданың қорғанысын күшейтпек. «Астана» ҚПЛ-дің 22 турынан кейін 42 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам