ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Бернлидің» құрамынан тыс қалды

Бүгін, 18:27

Сәтпаев 5 қыркүйекте өтетін «Бристоль Ситиге» қарсы кездесуден тыс қалды

Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Бернлидің» құрамынан тыс қалды
ФК “Бернли”

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты «Бернлидің» кезекті кездесуіне қатыса алмайды. 18 жастағы футболшы «Бристоль Ситиге» қарсы матчтың өтініміне енген жоқ.

Сәтпаев Англия Чемпионшипінің төртінші турында өткен «Мидлсброға» қарсы кездесуде жарақат белгілерін сезінген. Қазақстандық шабуылшы 80-минутта алаңнан ақсаңдап шыққан.

Матчтан кейін «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен футболшының аяғы тартылып қалуы мүмкін екенін айтып, оның медициналық тексерістен өтетінін мәлімдеді.

«Оның жағдайын тексеруіміз керек. Сырттай қарағанда, аяғы тартылып қалған секілді. Жарақатының ауыр болмауын және ұзақ уақытқа созылмауын үміт етеміз», — деді маман.

Осылайша, Сәтпаев 5 қыркүйекте өтетін «Бристоль Ситиге» қарсы кездесуден тыс қалды. «Бернли» әзірге қазақстандық футболшының нақты диагнозы мен алаңға қашан оралатыны туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Айта кетейік, Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы ойында команданың ең үздік футболшысы атанған болатын. Ол қарсылас қақпасына екі дәл соққы бағыттап, пастарының 94 пайызын әріптестеріне жеткізді. Кездесуден кейін қазақстандыққа матчтың үздік ойыншысына арналған арнайы жүлде табысталды.

Дастан Сәтпаев осы маусымда «Бернли» сапында төрт матч өткізіп, оның үшеуін негізгі құрамда бастады. Ол ағылшын клубында «Челсиден» жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетіп жүр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам