ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Оқжетпес» «Ордабасыны» жеңіп, «Астананы» қуып жетті

Бүгін, 20:20

«Ордабасының» төрт матчқа созылған жеңісті сериясы тоқтады

«Оқжетпес» «Ордабасыны» жеңіп, «Астананы» қуып жетті
ФК «Оқжетпес»

Көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында чемпионат көшбасшысы «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді.

Көкшетауда өткен кездесуде есепті қонақтар ашты. Бірінші таймда Бьорн Йонсен айып алаңына бағытталған пасты сәтті пайдаланып, шымкенттік команданы алға шығарды.

Үзілістен кейін алаң иелері қарқынын күшейтті. Екінші таймның басында «Оқжетпес» пенальти орындауға мүмкіндік алып, Нұрғайни Бөрібаев есепті теңестірді. Көкшетаулықтар бұдан кейін де шабуылын бәсеңдетпеді. Кездесудің бір эпизодында Бектемір Абдуманноновтың соққысы қақпа маңдайшасына тиді.

Матч тағдыры соңғы минуттарда шешілді. Бұрыштамадан берілген допқа Леонарду де Ассунсау бірінші жетіп, «Оқжетпеске» маңызды үш ұпай сыйлады — 2:1.

Осылайша, «Ордабасының» төрт матчқа созылған жеңісті сериясы тоқтады. Шымкенттік клуб 55 ұпаймен турнир кестесінің бірінші орнында қалды.

Ал қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізген «Оқжетпес» ұпай санын 42-ге жеткізіп, «Астанамен» теңесті. Көкшетаулық команда жүлделі орындар үшін таластағы жағдайын айтарлықтай жақсартты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам