Дастан Сәтпаевтың клубында дау: жанкүйерлер наразылыққа шықты

Чемпионшипте 11 матч өткізген «Бернли» турнир кестесінде 21-орында тұр

Burnley Express
Burnley Express

Англияның «Бернли» клубының жанкүйерлері команда иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы Алан Пейстің жұмысына наразылық білдірді. Олар Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонға» қарсы өткен матчта (1:2) басшының кетуін талап ететін баннер көтерді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода трибунадағы жанкүйерлердің «Pace out» («Пейс, кет!») деген жазуы бар баннер ұстағаны көрінеді.

Чемпионшипте 11 матч өткізген «Бернли» турнир кестесінде 21-орында тұр. Команда маусым басталғалы Англия чемпионатында бір-ақ рет жеңіске жеткен.

«Бернли» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді. Ол осы маусымда алты матчқа қатысқанымен, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам