«Ордабасы» сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңді

«Ордабасы» 67 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайтты

ФК “Ордабасы”
ФК “Ордабасы”

Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы орталық матчта шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңді.

Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өткен кездесуде алғашқы болып алаң иелері есеп ашты. Даниэль Соса қарсылас қақпасына дәл соққы жасап, «Ақтөбені» алға шығарды.

Алайда үзілістен кейін «Ордабасы» ойын тізгінін өз қолына алып, матч барысын өзгерте алды. Әуелі Лео Натель айып добынан тура соққы жасап, есепті теңестірді. Кейін Сергей Малый баспен гол соғып, шымкенттік команданы алға шығарды. Ал кездесудің соңғы нүктесін Тидиан Кейта қойып, «Ордабасының» үшінші голын соқты.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 67 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайтты. Шымкенттік клуб екінші орында келе жатқан алматылық «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетті.

Ал «Ақтөбе» 45 ұпаймен турнир кестесінің бесінші сатысында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам