Манкуниандықтар Ағылшын Премьер-лигасында да сәтсіз өнер көрсетуде
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің үшінші турында «Манчестер Юнайтед» «Комоға» қонаққа барып, 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Ал, ағылшындардың лидері Бруну Фернандеш бұған клубтың бас бапкері Майкл Кэррикті кінәлап отыр.
Ойын бастала салысымен италиялық клуб шабуылға лап қойып, небәрі екінші минутта есеп ашты, гол авторы – Нико Пас. 49-минутта Анастасиос Дувикас «МЮ» қақпасына екінші голды соқса, 57-минутта Пас дубль авторы атанды. Ал, 76 минутта ағылшындар өз қақпасына төртінші голды жіберіп (Хакобо Рамон), ойынды құтқара алмайтынын түсінді. Десе де, манчестерлік клуб ойыншылары 90+1 минутта «Комо» қақпасына бір гол соға алды, қорытынды есеп – 4:1, алаң иелерінің пайдасында.
Матчтан кейін «МЮ» капитаны Бруну Фернандеш жеңіліске өзінің бас бапкері Майкл Кэррикті айыптады. Айтуынша, жас маман қорғаныс тактикасын дұрыс қоймаған.
«Бұл бапкерлер штабының шешімі болды. Біз қарсылас ойыншыларын жеке-жеке қадағалап, бір-бірден прессинг жасамауды жөн көрдік. Кейде қорғаныста, өз артымызда бос аймақтар қалдырып, қарсыластың әрекетін күтіп, допты тартып алуға тырыстық. Алайда мұндай командаларға осыншалықты көп кеңістік берсең, олар бірден өз күшіне сенімді бола бастайды.
Кэррик тактикалық тұрғыдан қателесті деп ойлаймын ба? Мұндай мәселелерді талдау — бас бапкер мен оның штабының құзырындағы іс, менің міндетім емес. Дегенмен кейде қысымға тап болған команда батылырақ ойнауы керек. Яғни саналы түрде тәуекелге барып, қарсыласты алаңның өз жартысында жоғары прессингпен қысып, олардың еркін ойнауына барынша кедергі келтіру қажет», - деді Фернандеш TNT Sports арнасының эфирінде.