Қазақстан құрамасының қарашадағы матчтарға арналған кеңейтілген тізімі жарияланды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Тізімге 38 футболшы енді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы – «Астана»), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы – «Ордабасы»).
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Дастан Сәтпаев («Бернли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артем Литош («Шахтер»).
Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды. Ал 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.