«Бавария» бапкері Венсан Компани жаттығу базасында есінен танып қалды

Бельгиялық бапкердің жағдайы бірнеше күн бұрын нашарлаған

Getty Images
Getty Images

Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері 40 жастағы Венсан Компани клубтың жаттығу базасында есінен танып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта маманның жағдайы тұрақты. Бұл туралы Sky Sport Germany хабарлады.

Неміс басылымдарының мәліметінше, бельгиялық бапкердің жағдайы бірнеше күн бұрын нашарлаған. Бұған вирустық инфекция себеп болғаны хабарланған.

Денсаулығына байланысты Компани команда жаттығуларына қатыспай, Чемпиондар лигасында лондондық «Арсеналға» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатын да өткізіп алған. Алайда сәрсенбіде ол қызметіне қайта оралып, «Арсеналмен» өткен кездесуде команданы басқарды. Ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Матчтан кейін бапкер мазасыздық белгілеріне жеткілікті мән бермей, жұмысын жалғастырғанын мойындаған.

Қазір маманның ауруханаға түсуіне нақты не себеп болғаны және оның қашан қызметіне оралатыны әзірге белгісіз. «Бавария» клубы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Мюнхендік команда 25 қазанда Германия чемпионаты аясында сырт алаңда «Фрайбургпен» кездесуі керек. Компани бұл матчта команданы басқара ма, әзірге нақтыланбады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам