«Бернлидің» еншісінде сегіз ұпай бар
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия чемпионатының 12-туры аясында «Линкольнге» қарсы матчты «Бернли» клубының негізгі құрамында бастайды.
Кездесу 24 қазанда Линкольн қаласындағы «Синсил Бэнк» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
«Бернлидің» негізгі құрамына Кудер, Уолкер, Аллейн, Хатате, Дастан Сәтбаев, Экдаль, Рамазани, Пирес, Броя, Лорен және Игор енді.
Қазақстандық шабуылшы осы уақытқа дейін ағылшын клубы сапында алты матч өткізген. Әзірге гол соғып немесе нәтижелі пас беріп көзге түскен жоқ.
Матч алдында «Бернлидің» еншісінде сегіз ұпай бар. Команда өткен турда «Вулверхэмптоннан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Линкольн» 12 ұпай жинаған. Клуб соңғы ойынында «Миллуоллмен» 2:2 есебімен тең түсті.