Бүгін «Бернли» сырт алаңда «Линкольмен» ойнап, 1:4 есебімен ойсырай жеңілді
Қазақ футболшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» футбол клубының бас бапкері қызметінен қуылды. Жеңілістен көз ашпаған команда енді жаңа маманмен контракт жасайды.
Ники Хэйеннің отставкаға кеткені туралы ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
«Бернли» футбол клубы бас бапкер Ники Хэйенді қызметінен босатты. Бұл шешім шұғыл күшіне енді. Директорлар кеңесі команда Чемпионшипті сәтсіз бастағандықтан осындай шешім қабылдады», - делінген аталған хабарламада.
Еске салайық, бүгін «Бернли» сырт алаңда «Линкольмен» ойнап, 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. 12 матчтан кейін команда небәрі сегіз ұпай жинап, турнирлік кестенің 22-сатысына дейін құлдырады. Келесі ойынды Сәтпаевтың клубы 31 қазанда өз алаңында «Портсмутқа» қарсы өткізеді.