Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Тәуелсізіктің 30 жылында Қазақстан небәрі екі, Өзбекстан он стадион салған

14.08.2024, 10:34

Ал, спортты дамытуға жұмсаған біздің қаражат өзбектерден бірнеше есеге көп

Тәуелсізіктің 30 жылында Қазақстан небәрі екі, Өзбекстан он стадион салған
Darakchi.uz

Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін Қазақстан мен Өзбекстан спортын салыстырып жатқандар көп. Біздің ел аталған жарысқа қатысқан спортшылардың дайындығына 660 миллион доллар қаражат жұмсаса, өзбектер небәрі 160 миллион долларға шығындалыпты. Мұндай ақпаратты әлеуметтік желіде журналистер мен блогерлер таратып жатыр. Есесіне Өзбекстан – 8 алтын, Қазақстан – 1 алтын медаль еншіледі.

Ал, тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстан небәрі екі стадион ғана салған болса, Өзбекстан билігі су жаңа он стадионның құрылысын аяқтап, пайдалануға берген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса биыл ақпан айындағы депутаттық сауалында мәлімдеген еді. Енді Олимпиададан кейін бұл мәселе қайта күн тәртібіне шығып отыр. 

«Соңғы 30 жылда біздің елде небәрі 2 стадион салыныпты. Ал, көрші Өзбекстанда еуростандартқа сай келетін 10 стадион пайдалануға берілген. Біздің спортқа бөліп жатқан қаражат қайда кетіп жатқанын білесіздер ме? Мен сіздерге айтайын, ол ақшаның көп бөлігін біз легионерлерге жұмсап жатырмыз», - деген еді Қазыбек Иса.

Қазақстан салған екі стадионның бірі – «Астана Арена», екіншісі – «Түркістан Арена». Соңғысы ашылмай жатып жабылып қалғаны жұрттың есінде. Небәрі бір матч өткеннен кейін алаң футбол ойнауға жарамайтыны белгілі болды. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам