Өзге матчтарда фавориттер есе жіберді
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының екінші жарыс күні аяқталды.
Орталық ойын Каталонияда өтті. «Барселона» соңғы алты матч қатарынан жеңілген «Бавариядан» есесін жақсылап қайтарды. «Неміс машинасы» Каталониядағы «Олимпико» стадионында сыр берді. Әсіресе, бразилиялық Рафиньяны тоқтату қиынға соқты. Ол хет-трик авторы атанды. Бір голды «Баварияның» бұрынғы ойыншы Роберт Левандовски соқты. Ал, «Бавария» сапынан тек Харри Кейн мергендік танытты. Қорытынды есеп – 4:1.
Айта кетейік, «Бавария» мен «Барселона» текетіресі жанкүйерлерге жақсы таныс. Соңғы алты матч қатарынан «Бавария» жеңіске жеткен. Әсіресе, 2020 жылғы 8:2 есебі әлі ұмытылған жоқ. Сол кезде «Баварияны» жаттықтырған Ханси Флик қазір «Барселонаның» тізгінін ұстап жүр.
Сондай-ақ «Манчестер Сити» өз алаңында «Спарта» Прага клубын тас-талқан етіп ұтты (5:0). «Атлетико» Мадридте «Лилльге» есе жіберді (1:3). Франция клубы бұған дейін Мадридтің тағы бір командасы «Реалды» да жеңіп кеткен.
Ал «Бенфика» мен «Фейеноорд» - 1:3, «Зальцбург» - «Динамо» Загреб – 0:2, «Лейпциг» - «Ливерпуль» 0:1, «Янг Бойз» - «Интер» 0:1 есебімен аяқталды.