Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Футболшылар робот емес, мұндай ауыр жүкті ешкім көтере алмайды –  «Астананың» бас бапкері

24.10.2024, 09:11

Бүгін түнде «Нью-Сейнтс» «Астана» командасын қабылдайды

Футболшылар робот емес, мұндай ауыр жүкті ешкім көтере алмайды –  «Астананың» бас бапкері
instagram.com/fca.astana

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Нью Сейнтспен» өтетін ойын туралы айтып берді. 

— Бізді Уэльс елінің 16 мәрте чемпионы атанған өте азулы қарсыласпен ойын күтіп тұр. Олар Конференция лигасына Чемпиондар лигасының іріктеуі арқылы өткенін білеміз. «Нью Сентс» шабуылдаушы футбол ойнайтын ұжым, ішкі чемпионатында допты ұстау, гол соғу сияқты параметрлер бойынша көшбасшы команда. Алайда біз бұған қарап қалмаймыз, барынша өз футболымызды паш етіп, асқан сауатты ойын көрсетуге тырысамыз. Бүгін стадионда жаттығу өткізіп, өте жоғары сападағы алаң екеніне көз жеткіздік. Ал ойынға келсек, әрине, діттеген мақсатымызға жету үшін бар күшімізді саламыз.

— Кейбір футболшыларды Алматыда қалдырып кету себебі неде? 

— Иә, расымен Алматыда «Елімайға» қарсы ойнаған 11 футболшыны қалжырып кеттік. Біріншіден, бізде ұзақ жол болды, сондықтан кеше жаттығып үлгермедік. Екіншіден, қазір клуб тарихында болмаған өте тығыз күнтізбе, оған қоса осы жылы чартерлік рейстердің болмауы да себеп.

Бар болғаны бірнеше күн бұрын Семейде «Елімаймен» ойнадық, ал ертең Англияда ойнаймыз. Содан соң, сенбі күні елге ораламыз, ал жексенбіде «Ақтөбемен» матч күтіп тұр. Футболшылар робот емес, мұндай ауыр жүкті ешкім көтере алмайды. Сондықтан, футболшыларды, бапкерлік құрам мен медициналық штабтың дартысын Алматыда қалдыруға мәжбүр болдық.

Өткен кездесуге шықпаған 11 ойыншы ойнайды, сонымен қатар бізбен дубль құрамнан 6 ойыншы келді, олар үшін бұл үлкен тәжірибе.

Айта кетейік, 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні Англияның Шрусбери қаласында валлийлік «Нью-Сейнтс» командасы Конференция Лигасының жалпы кезеңінің 2-турында «Астана» командасын қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам