Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Ордабасы» президентінің қызметтен қуылғаны рас па?

20.12.2023, 13:14

Бауыржан Абдубаитовтың өзі іс-сапарда жүр

«Ордабасы» президентінің қызметтен қуылғаны рас па?
Prosports.kz

Соңғы бірер күннен бері әлеуметтік желіде «Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитовтың отставкаға кететіні туралы алып-қашпа әңгіме тарап кетті. Осыған байланысты команда басшысының өзі мәлімдеме жасады.

Маманның пікірін «Серый CARDINAL» Telegram-каналы жариялаған.

– «Ордабасы» биыл тарихында алғаш рет ел чемпионы атанды. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз чемпиондық титулымызды келесі маусымда сақтап қалып, Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Қазіргі таңда іс-сапарда жүрмін. Менің отставкаға кеткенім туралы сыбысты кімнің таратып жүргенін білмеймін. Бұл туралы өзім енді естіп тұрмын. Егер шынымен қызметтен қуса алдымен өзіме айтар еді ғой. Сондықтан әрі қарай жұмыс істейік, – деді Абдубаитов.

Айта кетейік, Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы биыл Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Келер жылы команда Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бағын сынап көреді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам