2023 жылдың ең үздік футболшыларының тізімі анықталды: Холанд көш басында

20.12.2023, 15:53

ТОП-20 тізімге «Манчестер Ситидің» алты футболшысы кірген

2023 жылдың ең үздік футболшыларының тізімі анықталды: Холанд көш басында
Фото ашық дереккөзден

Ұлыбританияның FourFourTwo журналы 2023 жылдың ең үздік футболшыларын анықтады. Көштің басында «Манчестер Ситидің» және Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд тұр.

«2023 жыл Холандтың жылы болды деп айтуға толықтай негіз бар. Үш трофей жеңіп алды, 38 гол соғып Премьер-лиганың бір маусымында рекорд жасады және турнирде 50 гол соқты. Ол – Усейн Болт. Егер ойынға қосымша уақыт қосылса Холанд міндетті түрде гол соғады», - делінген аталған мақалада.

Екінші орында – мадридтік «Реал» және Англия құрамасының ойыншысы Джуд Беллингем. 

«Жартылай қорғаушы болғанына және негізгі құрамда шықпайтынына қарамастан Беллингем 20 ойында 17 гол соқты. Ол тек үмітті ақтап қана қойған жоқ, әлемдік жұлдызға да айналып отыр», - деді басылым.

Ал, үшінші орынға «Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн орналасқан

«30 жас – шабуылшылардың көбі үшін өте қолайы жас. Аяқта әлі күш көп, бойыңда энергия бар, ал миы болса жетілген: бәрін тура есептей алады», - дейді журнал авторлары.

ТОП-20 үздіктер қатарына кірген қалған футболшылардың тізімі мынадай:

  • Килиан Мбаппе (ПСЖ)
  • Родри («Манчестер Сити»)
  • Лионель Месси («Интер Майами»)
  • Бернарду Силва («Манчестер Сити»)
  • Мохамед Салах («Ливерпуль»)
  • Антуан Гризманн («Атлетико»)
  • Винисиус Жуниор («Реал»)
  • Букайо Сака («Арсенал»)
  • Джамал Мусиала («Бавария»)
  • Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)
  • Виктор Осимхен («Наполи»)
  • Илкай Гюндоган («Манчестер Сити»)
  • Вильям Салиба («Арсенал»)
  • Трент Александер-Арнолд («Ливерпуль»)
  • Джон Стоунз («Манчестер Сити»)
  • Рафаэл Леау («Милан»)
  • Деклан Райс («Арсенал»)
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?