
Марадона 2020 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған
Диего Марадонаның өліміне қатысты тергеу барысында оның бұрынғы күзетшісі Хулио Кориа жалған куәлік бергені үшін қамауға алынғаны белгілі болды.
Тергеу деректеріне сәйкес, Кориа Марадонаның өлімі кезінде оның үйінде болған және алғашқы медициналық көмек көрсетуге көмектескен. Кориа сотта нейрохирург Леопольдо Луке мен психиатр Агустина Косачовпен байланысы болмағанын мәлімдегенімен, прокурор Патрисио Феррари оның бұл сөзін жоққа шығаратын жазбаша хат алмасулар мен телефон әңгімелерін дәлел ретінде ұсынды. Бұл деректер Корианың Марадонаның дәрігерлерімен байланысы болғанын көрсетеді.
Диего Марадона 2020 жылдың қарашасында 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Оның өліміне байланысты бірнеше медицина қызметкеріне, соның ішінде нейрохирург Леопольдо Луке мен психиатр Агустина Косачовқа айып тағылып, олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.