Дидар Сыдықбек «Атырау» футбол клубының бас менеджері атанды

26.03.2025, 21:56

Бұған дейін бұл қызметті Әлішер Апсалямов атқарған

Дидар Сыдықбек «Атырау» футбол клубының бас менеджері атанды
Әлеуметтік желі

32 жастағы қазақстандық функционер Дидар Сыдықбек «Атырау» футбол клубының бас менеджері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін бұл қызметті Әлішер Апсалямов атқарған.

Алматы қаласының тумасы футболшы ретінде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады. Мансабын аяқтаған соң бірқатар салада қызмет атқарды.
Футболдағы басшылық қызметін SD Family Group директоры ретінде бастап, Қазақстан Медиа-футбол федерациясының президенті деңгейіне дейін көтерілді.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы жүргізген «Алаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі ретінде еңбек етті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам