Ламин Ямаль люкс яхтада 8 арумен бірге демалды

Бүгін, 10:57

Олар яхтада серуендеп, су шаңғысына мініп, музыка тыңдап, көңілді уақыт өткізген.

Ламин Ямаль люкс яхтада 8 арумен бірге демалды
коллаж

«Барселона» және Испания құрамасының 17 жастағы жұлдызы Ламин Ямаль Ибица аралындағы жазғы демалысында көпшіліктің назарын тағы да өзіне аудартты.

Жас футболшыны жақында құны шамамен 5000 еуро тұратын люкс яхтада достары мен шамамен сегіз жас арумен бірге көңіл көтеріп жүрген жерінен байқап қалды. Олар яхтада серуендеп, су шаңғысына мініп, музыка тыңдап, көңілді уақыт өткізген.

Бұл демалыстың суреттері тез арада әлеуметтік желілер мен шетелдік басылымдарда тарады. Mundo Deportivo, Tribuna, Legit.ng секілді басылымдар Ямальдың яхтаны жаз бойына жалға алғанын растады.

Желіде тарап кеткен фотоларда футболшы жейдесіз, бикини киген қыздармен бірге суретке түсіп, бұл әрекеті жанкүйерлер арасында қызу пікірталас туғызды. Көпшілігі оның тым ерте ақша шашатын, әрі сәнді өмірге бой алдырғанын айтып, алаңдаушылық білдірді.

Бұл – Ямальдың демалыс кезіндегі алғашқы даулы оқиғасы емес. Бұған дейін ол Грекияда Алекс Падилья есімді қызбен бірге демалып, бірге түскен романтикалық суреттерді жариялаған болатын.

Сондай-ақ футболшыны Италияда өзінен 12 жас үлкен бортсерік Фати Васкеспен бірге байқаған. Васкес олардың қарым-қатынасын жоққа шығарғанымен, Ямальдың өзі оны сапарға шақырғанын растаған.

Грекия, Италия, Бразилия және енді Ибицадағы демалыстар сериясы футболшының медиа бейнесін басқару мен жеке өмірдегі таңдауларына қатысты сұрақтар тудырды. Жанкүйерлер Ямальды Неймармен жиі салыстырып, оның талантпен қатар артық қылықтарға да бой алдыратынын айтуда.

Кейбір ардагер футболшылар, соның ішінде Гути, Ямальға БАҚ-пен және жеке өмірмен байланыста абай болуға кеңес берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам