Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

ҚПЛ-дағы клубтар санын 16-ға дейін арттыру: бапкер мәлімдеме жасады

19.08.2025, 09:28

Қазақстанға жаңа командалар керек

ҚПЛ-дағы клубтар санын 16-ға дейін арттыру: бапкер мәлімдеме жасады
kazfootball.kz

«Алтай» клубының бас бапкері Вахид Масудов Қазақстан Премьер-лигасын 16 командаға дейін ұлғайтуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

- Соңғы уақытта Премьер-лигадағы клубтар санын 16-ға дейін ұлғайту жайында жиі айтылып жүр. Бұған қатысты көзқарасыңыз қандай?

- Өз басым мұны дұрыс қадам деп ойлаймын. Қазақстанға жаңа командалар керек. Әр өңірдің өз командасы болуы және олар жоғары деңгейде ойнауға тырысуы қажет. Клубтар саны артқан сайын ойыншыларға да мүмкіндік артады. Бұл – инфрақұрылымның дамуы, жаңа жұмыс орындары және трибунаға жаңа жанкүйерлердің келуі. Әсіресе Шығыс Қазақстанда бұл ерекше мәнге ие. Егер «Алтай Өскеменді» қайтадан Премьер-лигаға қоссақ, онда жергілікті жастардың көбі алаңға шығып, өздерін көрсетуге мүмкіндік алады, – деді Масудов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам