«Динамо» 27 жастағы ойыншымен келісімшартқа 28 шілдеде қол қойған
Мәскеудің «Динамо» клубының қорғаушысы, қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутдинов Ресей мен Түркия чемпионаттарын салыстырды.
Естеріңізде болса, «Динамо» 27 жастағы ойыншымен келісімшартқа 28 шілдеде қол қойған болатын. Келісім 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА мен түріктің «Бешикташында» өнер көрсеткен.
– Түркия чемпионатындағы атмосфера жайлы айтып берсең, ол Ресейден несімен ерекшеленеді?
– Екеуі екі бөлек дүние. Түркия – мұсылман елі, сондықтан жанкүйерлік мәдениеті де өзгеше. Олар матчқа нәрестелерін де алып келеді, футболды отбасымен тамашалайды. Яғни сен туғаныңнан бастап қай клубқа жанкүйер болатыныңды білесің. Ресейде де соңғы үш жылда көп нәрсе өзгерген, соның ішінде ең көзге түскені – жанкүйерлер, – деді Зайнутдинов «Динамо» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» сәтсіздігіне не себеп болғанын айтты.