Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» сәтсіздігіне не себеп болғанын айтты

Бүгін, 11:01

Қазақстандық жартылай қорғаушы 2023 жылдың жазында түркиялық клубқа қосылған еді

Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» сәтсіздігіне не себеп болғанын айтты
Mustafa Yalcin/Anadolu via Getty Images

Мәскеулік «Динамо» клубының жаңа ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Түркиядағы «Бешикташ» сапында өткізген уақытына баға берді. Бұл туралы Championat.com жазды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы 2023 жылдың жазында түркиялық клубқа қосылған еді. Ол Еуропадағы алғашқы маусымының басын сәтті бастап, бірден негізгі құрамға қосылды.

«Еуропадағы бірінші жылым жаман өткен жоқ, 30 матчқа қатыстым. Өкінішке қарай, одан кейін жарақат алып, жарты жыл бойы алаңға шыға алмадым. Енді ғана бабыма келіп жатырмын. Маусымның басы мен үшін табысты өтті, ал екінші бөлігі жарақат салдарынан сәтсіз болды», - деді Зайнутдинов.

Ол «Бешикташқа» дейін бірнеше маусым бойы Ресейдің ЦСКА клубында өнер көрсеткен. Өткен маусымда Түркияның атақты клубы сапында барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, 28 шілде күні Бахтиер Зайнутдиновтің Ыстамбұлдың «Бешикташынан» Мәскеудің «Динамосына» ауысқаны ресми түрде расталды. Футболшы жаңа клубымен 2029 жылдың жазының соңына дейін келісімшартқа отырды. Құжатта тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Зайнутдинов «Динамода» №19 жейдемен өнер көрсететін болады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам