
Бельгиямен сырт алаңда 7 қыркүйекте кездеседі.
УЕФА-ның ресми сайты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстанға қарсы ойнайтын Бельгия ұлттық құрамасының алдын ала тізімін жариялады.
Бас бапкер Руди Гарсия шәкірттері мына құрамға иек артпақ:
Қақпашылар: Мартен Вандевуурт, Сенне Ламменс, Матц Селс.
Қорғаушылар: Зено Дебаст, Артур Теате, Ваут Фаэс, Томас Менье, Кони Де Винтер, Брендон Мехеле, Диего Морейра.
Жартылай қорғаушылар: Максим Де Кёйпер, Амаду Она́на, Кевин Де Брюйне, Юри Тилеманс, Леандро Троссар, Ханс Ванакен, Николя Раскин, Алексис Салемакерс.
Шабуылшылар: Лоис Опенда, Ромелу Лукаку, Доди Лукебакио, Шарль Де Кетеларе, Жереми Доку.
Бельгия құрамасы Еуропаның топ-клубтарында ойнайтын жұлдызды футболшылардан құралған. Мысалы, Жереми Доку («Манчестер Сити»), Кевин Де Брюйне («Рома»), Леандро Троссар («Арсенал»), Шарль Де Кетеларе («Аталанта») және тағы басқалары.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Бельгиямен сырт алаңда 7 қыркүйекте кездеседі.
Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялаған еді.