Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Еркін Тапалов ұлттық құрама сапына неліктен шақырылмағанын түсіндірді

20.10.2025, 15:30

Ұлттық құрама қазанда екі ойын өткізді. 

Еркін Тапалов ұлттық құрама сапына неліктен шақырылмағанын түсіндірді
vk.com/kff_team

«Қайрат» қорғаушысы Еркін Тапалов соңғы матчтарда Қазақстан құрамасы сапында неліктен алаңға шықпағанын түсіндірді.

Ойын кезінде жарақатым бар еді. Қазір бәрі дұрыс, бірақ сол кезде тіземде жарақат болды. Құрамадағы бапкерлер мен медицина қызметкерлері жағдайды білетін, сондықтан қыркүйекте мені шақырған жоқ.

Ал соңғы ойындарда неліктен тізімге енбегенімді құрама штабынан сұраңыздар. Себебі ойнауға дайын болдым және командаға көмектескім келді, – деді Тапалов.

Еске сала кетсек, 21 қазанда Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы кездесу өтеді. Ал 26 қазанда «Қайрат» чемпиондықтың тағдыры шешілетін ойында «Астананы» қабылдайды.

Айта кетейік, 10 қазанда Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу аясында Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 есебімен ұтса, 13 қазанда Солтүстік Македониямен өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл екі кездесуде де құраманы алаңға Талғат Байсуфинов бастап шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам