Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Футболдағы үлкен сауда: Kaspi мен Freedom Finance Қазақстан клубтарын иемденбек

20.10.2025, 12:21

2025 жылы Қазақстан үкіметі футболды дамытуға 34,9 миллиард теңге бөлді

Футболдағы үлкен сауда: Kaspi мен Freedom Finance Қазақстан клубтарын иемденбек
әлеуметтік желі

2025 жылы Қазақстан үкіметі футболды дамытуға 34,9 миллиард теңге бөлді. Оның ішінде 31,8 млрд теңге Премьер-лига мен Бірінші лигадағы кәсіби клубтарды қолдауға, ал 3,1 млрд теңге балалар және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сауалына жауап бере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес футбол клубтарын жекешелендіру процесін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта Мәдениет және спорт министрлігі, футбол федерациясы және аймақ әкімдіктері бірлесіп, жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізіп отыр.

Қазіргі таңда бірқатар ірі компаниялар отандық футболды дамытуға инвестиция салуға дайын. Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде бірқатар ірі компаниялар қазақстандық футболға инвестиция салуға ниет білдіріп отыр:

  • «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ — «Қызыл-Жар» футбол клубын сатып алуды жоспарлауда;
  • Freedom Finance — «Шахтер» клубына арнап жаңа стадион мен заманауи футбол академиясын салуды көздеп отыр;
  • Kaspi Group — «Жеңіс» клубын иеленіп, Астанадағы футбол инфрақұрылымын дамытуға дайын;
  • Қызылорда қаласындағы TAU GROUP LTD компаниясы — «Қайсар» клубын жекешелендіруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтарына қатысты да әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде», – деді премьер-министр.

Бектеновтің айтуынша, үкімет 2021–2025 жылдарға арналған футбол клубтарын жекешелендірудің кешенді жоспарын жаңартып, оны тиісті мемлекеттік органдармен келісуге дайындауда.

Сондай-ақ соңғы жылдары мемлекеттік аудит пен өңірлік бақылау комиссиялары жүргізген 12-ден астам тексеру нәтижесінде 100-ден астам қаржылық бұзушылық анықталған. Кейбір клубтарда, атап айтқанда «Ақтөбе» мен «Қызыл-Жар» командаларында, 250 миллион теңгеден астам қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны және жемқорлық фактілері тіркелген.

2026 жылдан бастап күшіне енетін «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдағы өзгерістерге сәйкес, шетелдік спортшыларды мемлекеттік және квазимемлекеттік қаражат есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Сонымен қатар, министрлік жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы лимитін белгілеп, әкімдіктерге жеке инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам